Tamarix City 1-ші кезегінің тұрғындарына кілттер табыс етілді!

Tamarix City бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. Жаңа тұрғындар пәтер кілттерін алып, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Тұрғын үй кешенінің 1-кезегінде сапалы әрленген комфорт-санатты 196 пәтер тапсырылды. Тұрғындарды дизайнерлік холлдар мен балалар алаңдарының орындалуы ерекше қуантты. 

Пәтерлерге кіретін бірдей ашық түсті есіктер тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы үй атмосферасын сыйлайды. 

Үйлердің аумағы, кіреберіс, лифт бейнекамералармен жабдықталған - тәулік бойы жазу жүргізіледі. Жобада автомобильдерге арналған тұрақ орындары қарастырылған. Бірінші кезектегі аулада абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Тұрғындарды қоныс тойымен құттықтаймыз! Сіздерге отбасылық бақыт, береке тілейміз!