Exclusive Qurylys Almaty Symphony бас серіктесі болды!

"Exclusive Qurylys " компаниясы  12-13 қарашада Almaty театрында өткен" Almaty Symphony Orchestra " кешінің бас серіктесі болды.

Көрнекті скрипкашы Марат Бисенгалиевтің бастамасымен құрылған аты аңызға айналған ұжымның 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерт жоғарғы деңгейде өтті.

Оркестр құрамына республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары кірді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі - Қазақстанның жаңа буынының ең көрнекті музыканттарының бірі-Ержан Кулибаев. Ол — "Washington Award" сыйлығының иегері, сондай-ақ, Познаньдағы Генрик Венявский және Бухаресттегі Джордж Энеску байқауларының лауреаты, Буэнос-Айрес, Берлин, Новосибирск, Лиссабон, Екатеринбургтегі халықаралық байқаулардың жүлдегері, профессор.

 

Бүгінгі таңда "Almaty Symphony" оркестрі Қазақстанның мәдени астанасының символына айналып келеді  және қала атағын мемлекеттік және халықаралық деңгейде лайықты таныстырып жүрген таланттардан құралған.

Концерттен кейін "Exclusive Opera" тұрғын үй кешенінің тұсаукесері өтті.

Кеш қонақтары ескі орталықтың бірегей тарихи фотосуреттері, алғашқы театр труппалары мен қойылымдары туралы тың деректертен құралған Алматыдағы театр өмірі мен операсының пайда болу тарихына негізделген коллекциялық альбомдарды сыйлыққа алды.

"Exclusive Qurylys" компаниясы: "Қазақстанның мәдени өмірін қолдау және дамыту — толерантты әрі мәдени қоғамды қалыптастырудың маңызды және ажырамас бөлігі"- деген ойда.