Келісім-шарт бөлімінің заңгері

Описание

Міндеттері:

  • Компания мүдделерін заңды тәсілдермен қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде:
  • Компания қызметі барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша заңды құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  • Келісімшарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Компания мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • Ұжымдық келісімдерді дайындауға, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, Компаниядағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысу;
  • Компания қызметтерін тексеру бойынша мемлекеттік органдарға хаттар мен түсіндірмелердің жобаларын әзірлеу;
  • Келіссөздер процесінде қызмет көрсету, келісімшарттардың құқықтық сараптамаларын жүргізу және келіспеушілік актілерін, келісімшарттың жаңа редакциясын дайындау немесе келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарына қатысу.
  • Компанияның құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында Компанияның басқа құрылымдық бөлімшелерінен алынған келісімшарттардың жобаларын түзету бойынша жұмыс;
  • Компанияның негізгі қызметтері туралы келісімдер (келісімшарттар) мен хаттамалар жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
  • Өз құзыреті шегінде, Компанияның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, тараптардың бірі Компания болып табылатын келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Компания басшылығына келісім талаптарының сақталуын бақылауды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Келісімшарт шаблондарын әзірлеу;
  • Анықталған кемшіліктерді жою және Компания қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында талаптарды қарау нәтижелерін, келісімшарттар жасасу және орындау тәжірибесін зерделеу, талдау және қорытындылау;
  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, соның ішінде келісімшарттарды тіркеуге, рұқсаттар алуға, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және т.б.;
  • Қатысу / тағайындау / тоқтату туралы келісімдерді тіркеу және т.б.;
  • Келісімшарттарды жүйелік есепке алу және сақтау бойынша жұмыс;
  • Тіркеуге арналған келісімшарттарды дайындауға қатысу;
  • Компанияның жылжымалы / жылжымайтын мүлігінің кепіл шарттарын тіркеу:
  • Шарттардың барлық түрлерін тіркеу.
  • Мемлекеттік органдарда барлық тіркеу процедураларының өтуін қадағалау.
  • Шарттарды тіркеуге, жеткізуге құжаттардың толық пакетін жинау және дайындау;
  • Электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркелген келісімшарттарды есепке алу;
  • Екінші деңгейлі банктермен өзара әрекеттесу;
  • Келісімшарттарды тіркеу мерзімдерін бақылау;
  • 7. Сатып алушыға шот беру;

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім;
  • Ұқсас лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерді білу;
  • Құрылыс саласындағы тәжірибенің болғаны абзал;
  • Келісімшарттардың барлық түрлерін жүргізу және дамыту тәжірибесі;
  • Жауапкершілік, көпшілдік, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу, нәтижеге бағдарлану;
  • Excel Office, MC Office пайдаланушысы.

Жалақы

  • ҚР ЕК сай жұмысқа орналастыру;
  • Уақытылы жалақы;
  • 09:00-18:00, 5/2 жұмыс уақыты;
  • Қала орталығында орналасқан кеңсе;
  • Ұйымшыл ұжым;
  • Мансапық өсім.

Категория

Заработная плата

тг / месяц

Ответственное лицо

Саналина Рахима Фазылхановна

Директор по управлению персоналом

Другие вакансии

Барлығы 1